Қазақстан мен Жапония іскерлік байланысты арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Жапония іскерлік байланысты арттырмақ

23.10.2014
Қазақстан мен Жапония іскерлік байланысты арттырмақ

Жапонияның Қазақстанға құятын инвестициясы ұлғаяды. Бұрын ол 4 миллиард доллар болатын. Арадағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтайды.

Жапониялық компания өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы, металлургия, мұнай-газ, уран секілді табиғи ресурстарымызға қызығушылық танытып отыр.

Болашақта атом электр станциясын салу ойларында бар. Ал, бүгінгі келісім бойынша жапониялық компания бізде тас көмірді түрлі қоспадан арылту зауытын салмақ. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу