Боливияда дәрігерлер ереуілі қақтығыстарға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда дәрігерлер ереуілі қақтығыстарға ұласты

29.12.2017

Боливияда дәрігерлер ереуілдері өршіп барады. Екі ай бойы елдің бірнеше қаласында медицина қызметкерлерінің наразылық акциялары полициямен қақтығыстарға ұласып келеді. Олар салғырттық салдарынан науқастардың денсаулығына зақым келтірген жағдайда ақ халаттыларды жазалау шараларын қатаңдату туралы заңмен келіспей отыр.  

Осы жолы Санта-Крус қаласында демонстранттар тұтқындалып жатыр. Полиция манифестанттарға көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Бұл манифестациялардың кесірінен жергілікті ауруханалар жабылып, жедел жәрдем қызметі жұмыс істемей тұр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 800 мыңға жуық науқас дәрігерлерден кеңес ала алмай отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу