Күн райының қолайсыздығынан көлік кептелістері болып, көптеген жол апаттарына әкеп соқты. Кемінде 14 адам жараланған. Соңғы келіп түскен деректерге қарағанда, әсіресе, Хоккайдо және Хонсю-Тохоку аралдары зардап шекті. Соңғы 24 сағаттың ішінде жауған қардың қалыңдығы 40 сантиметрге жетіп отыр. Синоптиктердің болжамы бойынша, осындай ауа райы бейсенбіге дейін созылуы мүмкін. Жергілікті билік күн райының қолайсыздығына төтеп беру үшін қажетті шараларды жасап жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ