АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі бюджетін қысқартты. Вашингтон оған 2018-2019 жылдар үшін 5,4 млрд доллар бөлген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 285 млн. долларға кем сома. Мұны түсіндіре отырып, Құрама Штаттардың осы ұйымдағы тұрақты өкілі Никки Хейли бұдан былай Америка халқының жомарттығының еленбеуіне жол берілмейтінін мәлімдеді. Айта кету керек, АҚШ әлемнің 200-дей мемлекеті кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының ең үлкен қаржыландырушысы және оның бюджетінің 22 пайызын қамтамасыз етіп отыр.
Америка баспасөзінің хабарлауынша, Вашингтон бұл жарнаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы президент Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы етіп жариялауын қолдамағаны үшін қысқартты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ