Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный өз жақтастарын президенттік сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Өйткені, мұның алдында елдің Орталық сайлау комиссиясы оны соттылығы үшін мемлекет басшылығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Оппозиционердің сөзіне сенсек, бұл шешімнің саяси астары бар.
Ресейліктер мемлекеттің жаңа жетекшісіне наурыздың 18-де дауыс береді. Онда тағы да Владимир Путин жеңіске жетіп, 2024 жылға дейін президент болады деген болжам бар.
Айта кетсек, 41 жастағы Навальный митинг өткізу туралы заңды бұзды деген себеппен биыл үш рет қамалды. Бірақ, блогердің ойынша, ол сайлауға түспесе, миллиондаған адам дауыс бере алмайды.
Алексей Навальный, оппозиция лидері:
- Турасын айтайын, Орталық сайлау комиссиясының мені сайлаудан шеттету туралы шешімі миллиондаған адамды дауыс беру мүмкіндігінен айырайын деп отыр. Яғни, миллиондаған азамат саяси жүйеден тыс қалмақ. Сіздер қабылдаған шешім осыны аңғартса керек.
Арыстан РЫСБЕК