Францияда Жаңа жыл кезіндегі қауіпсіздікті 97 мың адам қадағаламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда Жаңа жыл кезіндегі қауіпсіздікті 97 мың адам қадағаламақ

25.12.2017

Францияда Жаңа жыл кезіндегі тәртіпті қадағалауға 97 мың жауынгер мен полицей тартылмақ. Мұны елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Бұған қоса, ведомствоның дерегінше,  жыл басынан бері мемлекет аумағында 13 террористік шабуылға тосқауыл қойылған.

Жаңа жылдық мерекелер кезінде сауда орталықтары, діни орындар, қоғамдық көлік хабтары тәрізді адам көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздікті 54 мың тәртіп сақшысы мен 36 мың әскери полиция және 7 мыңдай сарбаз қадағалайды. Сонымен бірге, мейрам күндері қауіпсіздік күштері қажет болған жағдайда жекелеген көшелер мен аудандарды жабуға құқылы. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу