Тереза Мэй: Ирак пен Сирияда «ДАИШ» ұйымы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тереза Мэй: Ирак пен Сирияда «ДАИШ» ұйымы жойылды

22.12.2017

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ирак пен Сирияда «ДАИШ» террористік ұйымының  талқандалғанын мәлімдеді. Мэй бұл турасында Кипрдағы Акротири әскері базасында британдық сарбаздармен кездескенде айтты. Бұған қоса, ол жауынгерлерді «Ұлт мақтанышы» деп атап, олардың осыдан үш жыл бұрын құрылған халифатты жеңуге қосқан үлесі зор екенін де атап өтті. Сонымен қатар, Тереза Мэй сарбаздардың отбасыларымен де кездескені белгілі болды.

Айта кетсек, Кипрда шамамен 3100 британдық әскер бар екен. Сондай-ақ, осы жерден «ДАИШ» қарулы тобына қарсы 1600 әуе соққы жасалған.

Желтоқсанның басында Ресей президенті Владимир Путин де Сириядағы «ДАИШ» ұйымы жойылғандығын жариялаған болатын. Бірақ, АҚШ оған күмән келтіріп отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу