Австралияның солтүстік жағалауында ел тарихында бұрын-соңды болмаған рекордтық көлемде метамфетамин есірткісі тәркіленді. Оның құны 1 миллиард австралиялық долларға бағаланып отыр. Құқық қорғау органдары 1,2 тонна есірткіні порттық қала Джералдтонға кемемен жеткізіліп, автофургондарға тиелгеннен кейін қолға түсірген.
Тұтқындалған 8 күдікті Австралия азаматтары екені анықталды. Олар есірткі тасымалдағаны үшін бас бостандығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Алдын ала болжамдарға қарағанда метамфетамин Қытайдан шығарылып, Австралияға жеткізілген. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ