Қытайда телекоммуникациялық қылмыс үшін 85 адам, соның ішінде 44 тайвандық сотталды. Олардың екеуі 15, қалғандары 14 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Бұған қоса, айыппұл төлеуге міндеттелгендері де бар. Олардың телефон арқылы жасаған алаяқтығынан бірнеше қария, студент және өзге де тұрғындар ақшаларынан айырылған.
Қамалған тайвандықтар Қытайға Кения мен Индонезиядан депортацияланды. Ал, Тайвань үкіметі өз тұрғындарының Тайбэйге емес, Бейжіңге жіберілуіне наразы. Дегенмен, Қытай тайваньдықтарды өз азаматтары деп есептейтіндіктен және қылмыс Қытай тұрғындарына қарсы жасалғандықтан бұл қарсылықпен келіспей отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ