Сауд Арабиясында отбасыларды қолдауға 2 миллиард риал немесе 533 миллион доллар бөлінді. Бұл қаражат электр қуаты мен газдың қымбаттауынан және салықтың өсуінен зардап шеккен табысы төмен және орташа тұрғындарға таратылады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай көмекке «Азаматтар Есепшоты» бағдарламасына тіркелген 11 миллионға жуық адамның 82 пайызы жүгіне алады.
Корольдікте бұл бағдарлама осы жылдың басында құрылды. Оның негізгі мақсаты – экономикалық реформалардың залалы тиген халыққа қаржылай жәрдем беру.
Арыстан РЫСБЕК