АҚШ-та Қазақстан азаматы 15 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Қазақстан азаматы 15 жылға сотталды

21.12.2017

АҚШ-та Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов «ДАИШ» - пен сыбайластығы үшін 15 жылға сотталды. Нью-Йорк прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, 22 жастағы Ахрор елімізде тыйым салынған «ДАИШ» террористтік ұйымына ақшалай көмек көрсеткен.

Сайдахметов абақтыда жазасын өтеген соң Құрама Штаттардан депортациялануы тиіс. Айта кетсек, ол Нью-Йорктің Джон Кеннеди халықаралық әуежайында 2015 жылы ақпан айында тұтқындалған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу