АҚШ-та Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов «ДАИШ» - пен сыбайластығы үшін 15 жылға сотталды. Нью-Йорк прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, 22 жастағы Ахрор елімізде тыйым салынған «ДАИШ» террористтік ұйымына ақшалай көмек көрсеткен.
Сайдахметов абақтыда жазасын өтеген соң Құрама Штаттардан депортациялануы тиіс. Айта кетсек, ол Нью-Йорктің Джон Кеннеди халықаралық әуежайында 2015 жылы ақпан айында тұтқындалған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ