«ДАИШ» содырлары ТМД елдеріне оралуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» содырлары ТМД елдеріне оралуы мүмкін

20.12.2017

Ирак пен Сирияда жеңіліс тапқан «ДАИШ» содырлары тактикаларын өзгертіп, ТМД елдеріне оралуы мүмкін. Қазір олар Таяу Шығыстан кетіп жатыр. Бұл турасында ТМД мемлекеттері қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет жетекшілері кеңесінің Мәскеуде өткен отырысында айтылды.

Терроризммен күрес мәселесі талқыланған жиынға еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов те қатысты. Кездесуде айтылғандай, «ДАИШ» лидерлері жақтастарын «автономды жиһадқа» көшуге үндей бастаған. ТМД қауіпсіздік органдары болса, оның қатарына жаңадан адам қабылдайтын 11 арнаны әшкерелеген. Ал, Ресей президенті Владимир Путин Достастық елдерінің дамуын тежеуді көздейтін күштерге қарсы күрестің басты назарда екенін атап өтті.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

- Алда өте күрделі мақсаттар тұр. Олардың қатарында терроризммен күрес мәселесі бар. Мен лаңкестікке қатысты ештеңе айтпай-ақ қояйын, оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Барлық ақпаратты да жеткізетін өздеріңіз. Елдерге төнген қауіпті жақсы түсінеміз. Жағдай ушығып барады. Әрине, лаңкестер қаладан қашып келеді деген мәселеге бейжай қарай алмаймыз.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу