Атланта әуежайына жарық қайта берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атланта әуежайына жарық қайта берілді

18.12.2017

АҚШ-тың Атланта қаласының Хартсфилд-Джексон халықаралық әуежайында кенеттен жарық өшті. Сондықтан, мыңдаған адам қараңғы терминалдар мен ұшақ борттарында қалып, сапарға аттана алмады. Ал, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, энергия жүйесі қалпына келтірілсе де,  мыңдаған рейс әлі де доғарылған күйінде.

Хартсфилд – әлемдегі ең қарбалас авиациялық порттардың бірі. Ол күніне 250 мыңдай жолаушы мен  2,5 мыңдай лайнерге қызмет көрсетеді.

«Джордж Пауэр» компаниясының мәлімдеуінше, энергия жүйесінің істен шығуына жер астындағы электрощит бөлмесіндегі өрт себепші.

Жергілікті әкімшілік тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін әуежайға қосымша полиция күштерін жөнелтті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу