Грекияда жалпыхалықтық ереуіл жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда жалпыхалықтық ереуіл жарияланды

14.12.2017

Грекия халқы жалпыұлттық ереуіл жариялап, жұмысқа шықпай қойды. Олар ел үкіметінің қаржыны қатаң үнемдеу саясатына наразылық білдіріп жатыр. Алайда, министрлер кабинеті бюджет шығындарын қысқартпаса, халықаралық кредиторлардан экономиканы жандандыруға несие ала алмайды. Бірақ, үнемдеу шаралары елді ауыр жағдайға ұрындырған. 8 жылға созылған дағдарыста жүздеген мың адам жұмысынан айырылып, зейнетақы 40 пайызға азайды.  Демонстранттар парламент алдына жиналды. Өйткені, депутаттар желтоқсанның 19-да 2018 жылдың бюджетін дауысқа салады.

Шеру салдарынан қоғамдық көлік пен теміржол компаниялары, әуежайлар мен порттар қалыпты жұмыс істей алмай отыр. 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу