Буэнос-Айреста Дүниежүзілік сауда ұйымына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буэнос-Айреста Дүниежүзілік сауда ұйымына қарсы шеру өтті

14.12.2017

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, наразы жұрт оның конференциясы өтіп жатқан ғимарат ішіне жиналып,  жаңа сауда реформаларына қарсылық білдірді. Жоспар бойынша ауылшаруашылық секторы өзгеріске ұшырап, электрондық сауда мен балық аулау кәсібіне шектеу қойылады. Демонстранттар жазулары бар плакаттар ұстап, түрлі  ұрандар көтерді. Олардың пікірінше, бұл өзгерістер ұсақ фермаларды жойып, өнім өндіру құқығын шектеп, қарапайым халықтың тұрмыс деңгейін күрт нашарлатады. 

Айта кетсек, Дүниежүзілік сауда ұйымына 164 мемлекет кіреді. Оның конференциясы әр екі жылда бір мәрте өтіп тұрады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу