Ресей әскері Сириядан кете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері Сириядан кете бастады

12.12.2017

Осыдан бірнеше сағат бұрын әскери полиция батальоны мінген екі ұшақ Дағыстан астанасы Махачкала әуежайына қонды. Оларды жергілікті тұрғындар мен ресми тұлғалар қошемет білдіріп қарсы алды.

Бұл контингент Сирияда атысты тоқтату режимінің сақталуын қадағалап, халық пен гуманитарлық конвойлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысты.

Айта кетсек, ел президенті Владимир Путин Ресей әскерінің «айтарлықтай бөлігін» елге қайтаруға дүйсенбі күні Сирияға сапарында бұйрық берді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу