Владимир Путин Ресейдің Сириядағы әскерін шығара бастауға бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Путин Ресейдің Сириядағы әскерін шығара бастауға бұйрық берді

11.12.2017

Ол мұндай мәлімдемені бүгін Араб Республикасына сапарында жасады. Дегенмен, Кремль басшысының сөзінше, Ресей өзінің Хмеймимдегі әуе, Тартустағы теңіз базаларын тұрақты түрде сақтамақ. Тағы бір сөзінде Путин Мәскеу мен Дамаскінің «ДАИШ»-ты жою мақсатына жеткенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Мәскеу Сирияға өз күштерін 2015 жылы қыркүйекте жіберіп, екі жылда соғысты президент Башар Асад армиясының ұпайына шешіп, Ресейдің Таяу Шығыстағы ықпалын күшейтті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу