«Брексит» жөніндегі келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу бар. Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мен британ премьері Тереза Мэй Брюссельдегі кездесуден кейін осындай қорытынды жасады.
Бұл прогресс Еуроодақ пен Ұлыбританияның болашақ қарым-қатынастары бойынша келіссөздердің екінші сатысына көшуге жол ашпақ. Тереза Мэйдің сөзінше, екі жақ арасында шекарашылар мен бақылау-өткізу бекеті болмайды. Яғни, шекара барынша ашық күйінде қалады. Бұған қоса, Британиядағы Еуроодақ азаматтарының құқықтарына корольдік заңдарымен кепіл беріледі. Еуроодақ елдерінде тұрып жатқан британдықтардың да құқықтары өзгермейді. Оларды тіркеу, барынша арзан әрі оңай жүргізіледі.
Дегенмен, келіссөздердің енді басталатын негізгі бөлімі күрделі болмақ. Корольдік пен Еуроодақ терроризм, қорғаныс және халықаралық қатынастар бойынша ынтымақтасуға қатысты да ортақ келісімге келулері тиіс.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ