Оған сай, 6 мұсылман елі азаматтарының Құрама Штаттарға баруына 90 күнге тыйым салынады. Бұл санатқа Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан тұрғындары кіреді. Бұл жарлықты жыл басында президент Дональд Трамп шығарған еді. Ақ үй басшысы «бұл америкалықтарды терроризмнен қорғау үшін қажет», деп мәлімдеді. Алайда, бірнеше штат соттары жарлық мұсылмандарға қарсы бағытталған деп мәлімдеп, оның күшін тоқтатып тастаған еді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ