Албанияда тасқыннан құтқаруға 7 мыңдай полицей тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албанияда тасқыннан құтқаруға 7 мыңдай полицей тартылды

05.12.2017

Албанияда үздіксіз жауын соңы су тасқынына ұласты. Қауіпті аймақ тұрғындарын көшіру үшін 7 мыңдай полицей тартылған. Жүздеген баспана қирап, электр желілері лай көшкінінен зақымданған. Мыңдаған тұрғын жарықсыз отыр. Табиғи апаттан бір адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Ел үкіметі қалыптасқан ахуалды өте күрделі деп жариялап, министрлерге жағдайды жіті бақылап, қажетті шараларды қамтуды тапсырды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу