БҰҰ Йеменде күшейе түскен зорлық-зомбылыққа алаңдаулы. Ұйым бас хатшысының арнайы өкілі Стефан Дюжарриктің мәлімдеуінше, онсыз да күрделі саяси ахуалдың қиындай түскені ауыр соғып отыр.
Йемендегі қақтығыстар қарашаның 29-нан бері тоқтамай жатыр. Кеше елдің экс-президенті Әли Абдалла Салех шиит-хуситтердің шабуылынан қаза тапты. Бұған дейін бұрынғы мемлекет басшысын қолдап келген көтерілісшілер мен Салехтің жақтастары арасында келіспеушілік туындаған. Кейін Салех хуситтермен одақтасудан бас тартып, Сауд Арабиясымен қатынастарды жақсартуға бет бұратынын мәлімдеді. Бұған ызаланған хуситтер экс-президент отырған көлікті жарып жіберген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ