Филиппин аралдарында 733 мың баланы «денге» безгегіне қарсы вакцинациялау тоқтатылды. Өйткені, оларға егіліуі тиіс «Денгваксиа» атты жалғыз препарат бұл инфекцияны бұрын жұқтырғандарға жақсы көмектесетіні, алайда, онымен бірінші рет ауырғандардың жағдайын асқындыратыны мәлім болды. Мұны француздың «Санофи» фармацевтикалық компаниясы арнайы тексеріс арқылы анықтаған. Дегенмен, «Санофи» «Денгваксиядан» адам өлді деген фактілерді кездестірмегенін де хабарлап отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ