«Германия үшін Альтернатива» партиясының съезіне қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Германия үшін Альтернатива» партиясының съезіне қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты

04.12.2017

Германияның Ганновер қаласында «Германия үшін Альтернатива» партиясының съезіне қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Бұл жиында ұйымның жаңа басшыларының бірі сайлануы тиіс еді. Демонстранттар партия конференциясына келген 600-ге жуық делегаттардың жолына кедергі болып, оларды ғимарат ішіне кіргізбеуге әрекет жасаған. Алайда, ауа райының суықтығына қарамастан, полиция қарсылық білдіргендерге су шашып, көз жасаурататын газ қолданды. Соңғы деректерге қарағанда, бір шеруші қақтығыс кезінде аяғын сындырып, ауруханаға түскен. Сондай-ақ, бір полиция қызметкері жанатын сұйықтығы бар бөтелкеден жараланған. Оннан астам адам тұтқынға алынды. Енді жергілікті билік қаладағы қауіпсіздікті мейлінше күшейтпек.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу