«Бақыт қоры» 1,6 млн адамның қарызын өтемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақыт қоры» 1,6 млн адамның қарызын өтемек

30.11.2017

Оңтүстік Корея үкіметі 1 миллион 600 мың адамның қарызын есептен шығарып тастауға немесе жоюға тәуекел етіп отыр. Бұл шараның негізгі мақсаты – табысы төмен адамдардың мойнына түскен қаржылық ауыртпашылықты жеңілдету.

Тұрғындар борышынан құтылу үшін алдағы жылдың ақпан айынан бастап «Ұлттық Бақыт қорына» жүгіне алады. Мұндай көмек айлық табысы 910 доллардан төмен және қарызын он жылдан бері өтей алмай жүрген кореялықтарға беріледі.

Сарапшылардың пікірінше, үкімет кейбір азаматтардың берешегін өз мойнына ала отырып, «мемлекет - халықтың патриархалдық қорғаушысы» деген конфуцийлік капитализмнің ерекше формасын паш етіп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу