Шри-Ланкада төтенше жағдай. Елдің орталық және оңтүстік бөліктерінде күшті жел мен үздіксіз жауыннан 7 адам қаза тапты. 23 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың 13-і - балықшылар. Қазір табиғи апаттан зардап шеккен аудандарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Тропикалық дауыл кезінде электр жарығы өшіп, қоғамдық көлік қатынасы қиындады. Ұшақ рейстері де доғарылған. Бұған қоса, елдің 9 провинциясындағы бірнеше мектептің жұмысы тоқтатылған. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, сұрапыл жел мен жаңбыр 4 күнге созылуы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ