Трамптың твиттердегі парақшасында мұсылмандарға қарсы видео пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамптың твиттердегі парақшасында мұсылмандарға қарсы видео пайда болды

30.11.2017

АҚШ президенті Дональд Трамптың твиттерінде британдық оңшылдар ұйымының мұсылмандарға қарсы 3 бейнеролигі жария болды. Трамп парақшасында Britain First ұйымының өкілі Джайда Франзеннің жария еткен видеоларымен бөліскен. Оның бірінде мұсылман мигрант балдақпен жүретін голландиялық жасөспірімді ұрып жатыр. Қалған екеуінде Франзеннің мұсылмандарға қарсы пікірі сипатталған. Бұл оқиғаны Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің өкілі «Президенттің бұл әрекеті дұрыс емес» деген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, бұл провокациялық бейнероликтер жалған және ахуалдың шиеленісуіне әкеп соғады деп мәлімдеді.

Айта кетсек, твиттерде Франзенге 52 мыңнан астам адам жазылған. Ал, Трамптың оқырмандарының саны 44 миллионға жеткен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу