Теңге құнсызданбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге құнсызданбайды

21.10.2014
Теңге құнсызданбайды

Теңге құнын жоғалтпайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осыны жеткізді.

Оның айтуынша, соңғы кездері БАҚ-та теңгенің девальвациясы туралы түрлі бағалау жарияланып жүр. Алайда, биылғы ақпан айында қабылданған валюта бағамының дәлізі айтарлықтай тұрақтылығын көрсетуде.

Сондықтан, отандық экономист-сарапшылардың доллар құны күрт көтеріледі деген болжамдарына жұрттың алаңдауына еш негіз жоқ.

Себебі, қазір еліміздің халықаралық резерві - 104 миллиард АҚШ доллары. Ал, Ұлттық қор 76 миллиард доллардан асқан. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 9 пайызға өскен.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу