Ұлыбритания ханзадасы Гарри америкалық актриса Меган Марклға келер жылы үйленетінін жария етті. Екі жас осы айда сөз берісіп, уәделескен. Ал, той 2018-дің көктеміне жоспарланып отыр. Бұл турасында Кларенс-хаус баспасөз қызметі хабарлады.
Ханзада Гарри II Елизавета және отбасы мүшелерінің батасын алып, қыздың әке-шешесінің алдынан өткен. Үйленген соң жас жұп Кенсингтон сарайы резиденциясының бірінде тұрады деген жоспар бар.
Айта кетейік, 36-жастағы Маркл «Форс-мажоры» сериалында Рейчл Зейн рөлін сомдап, әлемге танылды. Ал, 33 жастағы Гарри британ корольдік тағына отыруға бесінші орында тұр.
Олар былтыр шілде айында танысқаны белгілі болды. Қуанышты хабарды естіген ел премьер-министрі Тереза Мэй жастарды құттықтап үлгерді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ