«Air Berlin» әуе компаниясының жүздеген бұрынғы қызметкері жұмыссыз қалғандарына ашынып, шеруге шықты. Олар «Люфтганзадан» өздерін жұмысқа алуды талап еткен. Себебі, дәл осы компания банкротқа ұшыраған «Air Berlin»-нің акцияларының басым бөлігін сатып алайын деп отыр.
Айта кетсек, «Air Berlin» тамызда төлем қабілетсіздігін жариялап, мыңдаған адамды қызметтен босатты. Енді сол адамдар табыссыз қалғандықтан, келешектеріне алаңдап, наразылық акциясын ұйымдастыруға мәжбүр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ