Бейжіңде 19 адамның өмірін қиған өртке байланысты 18 күдікті тұтқындалды. Апаттан жараланғандар саны 8-ге жеткен. Полицияның болжамдарына қарағанда, өртке қауіпсіздік шараларының сақталмауы мен жұмысшылардың салғырттығы себеп болуы мүмкін.
Бұл оқиға Дасин ауданында сенбі күні болған. Соңғы деректеріне жүгінсек, лапылдаған от алдымен төменгі қабаттағы 5 мың шаршы метрлік қоймадан басталған. Оны сөндіруге 3 сағат кеткен.
Қазір ел астанасында 40 күндік қауіпсіздік ережелерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ