АҚШ-та қарттар үйінде болған өрттен 20 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қарттар үйінде болған өрттен 20 адам жараланды

17.11.2017

АҚШ-тың Пенсильвания штатында қарттар үйінде өрт болып, 20 адам жараланды. Мұны «Assiocated Press» агенттігі хабарлап отыр.

Тілсіз жау Филадельфия қаласынан 56 шақырым жердегі Barclay Friends үйінен басталып, маңындағы бірнеше ғимаратты шарпыған. Түн ортасында егде жастағылар лапылдаған оттан далаға қашқан. Олардың көбі балдақ ұстап, мүгедектер арбасымен қозғалды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне жүгінсек, қарттар үйінен шамамен 140-қа жуық адам көшірілді. Әзірге зардап шеккендердің хал-жағдайы туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке не себеп болағаны да белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу