Хабаровск өлкесінде ұшақ апатынан 1 бала аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хабаровск өлкесінде ұшақ апатынан 1 бала аман қалды

15.11.2017

Ресейдің Хабаровск өлкесінде «L-410» ұшағы құлап, 6 адам қаза тауып, бір бала аман қалды. «Тасс» агенттігінің деректеріне қарағанда, апаттан 3 жасар қыз құтқарылған. Оны бір топ маман арнайы ұшақпен ауруханаға жеткізді.

Құтқарушылардың мәлімдеуінше, ұшақ Нелькан ауылына бағыт алып бара жатқан. Алайда, белгісіз себептермен  ұшу- қону жолағына жетпей, апатқа ұшырады. Әуе машинасы фюзеляжының тас-талқаны шыққан.

Қазір бортта болған жолаушылардың есімдері анықталып жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.    

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу