Манилада АСЕАН ұйымының саммиті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Манилада АСЕАН ұйымының саммиті ашылды

13.11.2017

Осыдан бірнеше сағат бұрын Филиппин астанасы Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия Мемлекеттері Қауымдастығы – АСЕАН ұйымының саммиті ашылды. Екікүндік жиында терроризммен күрес, Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық даулар, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы талқыланады. Саммитте АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлеп, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағын мықты әрі тәуелсіз болуға үндеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Мен мұнда бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетіп, ашықтық пен еркіндік жолында сіздермен жұмыс істеу үшін келдім. Мақтан тұтамыз, аймақта тәуелсіз мемлекеттер бар. Олардың көздегені – гүлдену. Достығымыз бен ынтымағымызға - 40 жыл. Америка мұндағы серіктестерінің күшті, тәуелсіз болғанын қалайды.

Кездесу қарсаңында Манилада шеру өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Демонстранттар полициямен қақтығысып, әлем елдері лидерлерінің портреттерін өртеді. Өйткені, шерушілердің пікірінше, бұл басшылар аймақтағы адам құқығын қорғау және кедейшілік мәселелеріне жеткілікті мән бермей отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу