Иран-Ирак шекарасында зілзаладан қаза тапқандар көбейіп келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, 330-дан астам адам мерт болып, 3950-і жараланған. Құрбандардың көбі – Иранның батысындағы Керманшах провинциясының Сарпол-е-Захаб қаласының тұрғындары. 7,3 баллдық жер сілкінісінің ошағы Ирактың шығысындағы Халабджа қаласынан 31 шақырым қашықтықта анықталды. Иракта бұл апаттан 7 тұрғын жан тәсілім етіп, 53-і жараланған. Олардың барлығы – Күрдістан автономиясынан.
Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасы жатыр.
Арыстан РЫСБЕК