Филиппин астанасы Манилада АҚШ президентіне қарсы шеру өтіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, демонстранттар Дональд Трамптың төрт метрлік мүсінін өртеген.
Айта кетсек, Трамп бұл елге Оңтүстік-Шығыс Азия Мемлекеттері Қауымдастығы – АСЕАН-ның саммитіне қатысу үшін барды. Оған қарсы манифестациялар полициямен қақтығысқа ұласып, бірнеше адам жараланды. Шерушілер Ақ үй басшысының Филиппин президенті Родриго Дутертемен кездесуіне наразы. Олардың сөзінше, бұл жүздесудің жергілікті халыққа еш пайдасы жоқ. Керісінше, сол кездесуден кейін Филиппинде адам құқығын қорғау жағдайы қиындап, түрлі жанжалдар көбейеді.
Арыстан РЫСБЕК