1993 жылдан бері Еуропаға барар жолда 33293 мигрант қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1993 жылдан бері Еуропаға барар жолда 33293 мигрант қаза тапқан

13.11.2017

Мұндай мәлімет Германияның күн сайын шығатын «Таг Шпигель» журналында жария етілді. 46 беттік тізімде марқұм босқындардың кейбіреуінің аты-жөндері, туған жері, жасы, опат болғаны жазылған.

Мәселен, Талал Абулхамид есімді ирактық мигрант 48 сағат бойы аязда қалып, жан тапсырған. Журналда көрсетілгендей, босқындардың көбі діттеген жерлеріне жете алмай, Жерорта теңізіне батып кеткен.

Бұл жазбалар арқылы басылым тілшілері марқұмдарды еске алып, тағзым етуді көздегендерін айтады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ


 

Хабарламаларға жазылу