4 жыл қатарынан рецессияда отырған Венесуэлада құмар ойындарына деген қызығушылық артқан. Мысалы, лотерея билеттерін сатып алу үшін Каракаста адамдар күнде кезекте тұрады. Өйткені, аз да болса табыс тауып, азық-түлік сатып алуға болады.
Инфляция деңгейі шарықтаған елде өмір сүру қиындап кеткен. Мұнда ақша жетіспеушілігінен бөлек, ұнның өзі жоқтың қасы. Үкіметтен үміт үзгендерде құмар ойындарын ойнап, күн көруден басқа амал қалмаған. Ал, лотереялық компания өкілдерінің сөзінше, осындай жолмен жан бағуға мәжбүр тұрғындар саны күн сайын артып келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ