Жапонияда адамдарды жаман әдеттерден арылтудың жаңа жолы бар. Мәселен, Токиодағы маркетингтік компаниялардың бірі шылым шекпейтін қызметкерлерінің еңбек демалысын 6 күнге ұзартты. Сондай-ақ, оларға қосымша ақша төленеді. Мұндай тәсіл шылымға әуестерді зиянды әдеттен бас тартуға жетелейді деген үміт бар. Нәтиже жаман емес. Бүгінде осы компанияның 4 қызметкері темекіні тастау туралы шешім қабылдаған екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ