Каталонияның 200 мэрі Карлес Пучдемонға қолдау білдіру  үшін Брюссельге бара жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияның 200 мэрі Карлес Пучдемонға қолдау білдіру  үшін Брюссельге бара жатыр

07.11.2017
Каталонияның 200 мэрі Карлес Пучдемонға қолдау білдіру  үшін Брюссельге бара жатыр

Испанияның Каталония провинциясындағы 200 қаланың мэрі Брюссельге аттанып барады. Сондағы мақсаттары – испан үкіметі биліктен тайдырған бұрынғы лидер Карлес Пучдемонға қолдау білдіру. Олар Каталонияның түрмеге қамалған өзге басшылары үшін Еуропа одағынан көмек сұрамақ. Бельгия соты болса, ресми Мадридтің шағымын тыңдағанша, Пучдемонды қамаудан босатып, тіпті оған тәуелсіздікті насихаттауға рұқсат берді.

Естеріңізге сала кетсек, Каталонияда қазанның 1-де референдум өтіп, онда сайлауға құқылы азаматтардың басым бөлігі жеке мемлекет болуға дауыс берді. Алайда, испан үкіметі бұл қорытындыны заңсыз деп тауып, Каталония үкіметі мен парламентін таратып, оның жетекшілерін тұтқынға алып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу