Вьетнамда «Дамри» тайфунынан қаза тапқандар саны 69-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда «Дамри» тайфунынан қаза тапқандар саны 69-ға жетті

07.11.2017

30-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Аса қауіп төнген өңірлерден тұрғындар жаппай көшіп жатыр. Ал, туристер көптеп баратын Хойан қаласындағы жолдар өзенге айналып, адамдар қайықпен қатынауға мәжбүр.

Сонымен қатар, екпінді желден электр сымдар үзіліп, байналыс жүйесі бұзылған. Жергілікті билік адамдарға алыс жолға шықпай сақ болуды ескертті. Ел премьер-министрі Нгуен Суан Фук болса, апатқа байланысты төтенше жиын өткізді.

Айта кетсек, бұл - елге соңғы 20 жылда соққы берген ең сұрапыл дауыл.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу