Кабулде телеарнаға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде телеарнаға шабуыл жасалды

07.11.2017

Ауғанстан астанасы Кабулде бір топ қарулы адам жергілікті «Шамшад» телеарнасына шабуыл жасады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. «ВВС» -дің хабарлауынша, жекеменшік телекомпанияның ғимаратында 100 шақты адам болған. Оқиға орнынан қашып үлгерген куәгерлердің сөзінше, шабуылшылар граната лақтырып, адамдарға оқ жаудырған. Полиция олардың біреуін атып мерт қылғаны белгілі болды. Ал, қалғандары қарсылық білдіріп жатыр. Ауғанстандық «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу