Ақ үйде теракт жасамақ болған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ үйде теракт жасамақ болған күдікті ұсталды

07.11.2017

АҚШ президенті резиденциясы жанында бір ер адам ұсталды. Ол Ақ үйге кіріп, теракт жасамақ болған. Күдіктіні елдің құпия қызметі қолға түсірді. Афроамерикалық Ақ үйдің күзетшілерін шабуылдамақ болған. Полицейлер оның есімі Майкл Арега екенін анықтады. Тағы бір мәліметке сай, күдікті Ақ үйдегі «барлық ақ нәсілді полиция қызметкерлерін» өлтірмек болған.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Тағы бір айта кететіні, бұған дейін Майкл Арега әлеуметтік желілерде әділдік орнатуға өзі кірісетіні туралы үрей тудыратын жазба қалдырған.   

 Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу