АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған терактіні «ДАИШ» ұйымы мойнына алды. Бұл туралы бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.
Қазанның 31-де төменгі Манхэттенде жасалған шабуылдан 8 адам қаза тауып, 12 адам жараланған еді. Оларды Өзбекстаннан келген 29 жастағы Сайфулло Саипов көлікпен соқты. Ол мұндай қылмысқа «ДАИШ»-тың үгіт-насихатының ықпалымен барғанын мойындады. Президент Дональд Трамп Саиповты өлім жазасына кесуге үндеп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ