АҚШ Федералдық қор басшысы өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Федералдық қор басшысы өзгеруі мүмкін

03.11.2017

Дональд Трамп өзі АҚШ Федералдық қорын басқаруға лайық деп есептейтін адамның есімін атады. Елдің Орталық банкіне миллионер Джером Пауэлл жетекшілік етуі мүмкін. Олай болса, мекеменің қазіргі басшысы Джанет Йеллен орнынан кетеді. Трампқа дейінгі президенттер әдетте Федералдық қордың басшыларын өзгертпей, орнында отырғандарын қайта бекітетін еді. Трамп осы шешімі арқылы тарихта ізін қалдырғысы келетінін мәлімдеді. Бұған дейін де Ақ Үй басшысы Джанет Йеленнің жүргізіп отырған саясатын сынап келді. Дегенмен, экономистердің пікірінше, Джером Пауэлл Йеленнің бағытын жалғастыра бермек. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу