Каталонияның экс-лидері тұтқындалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияның экс-лидері тұтқындалуы мүмкін

02.11.2017

 

 

Испания үкіметі Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемонды бүгін сотқа бармағаны үшін тұтқындауы мүмкін. Мұны осы елдегі жоғары лауазымды судьялардың бірі мәлімдеді.

 

Дегенмен «Рейтердің» хабарлауынша, Пучдемон Испания мен Бельгияның әділет органдарымен ынтымақтасуға дайын. Соңғы мәліметке қарағанда ол өзінің таратылған үкіметінің 4 мүшесімен бірге қазір Брюсселде жүр.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Каталонияның Испаниядан бөлінуін қолдаған лидерлері осыдан бірнеше сағат бұрын Мадрид сотына барды.

 

Испания премьер-министрі Мариано Рахой бұл шенеуніктерді Каталония тәуелсіздігін жариялағаны үшін қазанның 27-інде отставкаға жіберді.

 

Сонымен қатар, тағы 15 адам сепаратизм үшін жауапқа тартылмақ.

 

Каталонияда қазанның 1-інде референдум өтіп, оған қатысқан электораттың басым бөлігі  тәуелсіздікке дауыс берді. Алайда, ресми Мадрид бұл плебицитті заңсыз деп тауып, елдің бөлшектенбейтінін ескертіп келеді. 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу