Бортында 11 экипаж мүшесі болған Түркияның жүк кемесі суға батып, 4 адам қаза тапты. Оқиға Стамбул маңында болған. «Билал Бал» атты кеме Бурса провинциясынан солтүстіктегі Зоңғұлдақ аймағына бара жатып, апатқа ұшырады.
Ел премьер-министрі Бинали Йылдырымның мәлімдеуінше, әзірге бұған не себеп болғаны белгісіз. Жағалау күзеті өкілдерінің айтуынша, іздеу-құтқару операциясына оннан астам маманмен бірге 8 кеме, бір тікұшақ, бір ұшақ және суасты әскери техникасы жұмылдырылған.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ