Синдзо Абэ қайтадан премьер-министр болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синдзо Абэ қайтадан премьер-министр болып сайланды

01.11.2017

Жапонияда Синдзо Абэ премьер-министр болып қайта сайланды. Естеріңізге сала кетсек, қазанның 22-сі күні өткен парламенттік сайлауда ол бастаған либерал-демократиялық партия жеңіске жеткені белгілі.

Болжам бойынша, Абэ қазіргі министрлер кабинетін қалдырып, мемлекет конституциясына өзгерістер енгізуі мүмкін. Қарашаның 5-7 аралығында Жапонияға АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары жоспарланып отыр. Сол  кезде екі жақты қатынастар мен Солтүстік Кореяға байланысты мәселелер талқыланбақ.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу