Жапонияда Синдзо Абэ премьер-министр болып қайта сайланды. Естеріңізге сала кетсек, қазанның 22-сі күні өткен парламенттік сайлауда ол бастаған либерал-демократиялық партия жеңіске жеткені белгілі.
Болжам бойынша, Абэ қазіргі министрлер кабинетін қалдырып, мемлекет конституциясына өзгерістер енгізуі мүмкін. Қарашаның 5-7 аралығында Жапонияға АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары жоспарланып отыр. Сол кезде екі жақты қатынастар мен Солтүстік Кореяға байланысты мәселелер талқыланбақ.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ