Бразилияның Сан-Паулу қаласында Uber және Cabify жолаушылар тасымалдаушы қызметінің жүргізушілері жаңа ережерелерге қарсылық білдіріп жатыр. Себебі, бүгін Конгресте олардың құқығын шектейтін заң дауысқа салынуы тиіс. Демонстрантар көліктерімен баяу қозғалып, өзге машиналардың жүрісін тежеді.
Жаңа ережелерге сәйкес, жүргізушілер арнайы лицензия алып, тұрақты тексеруден өтіп тұрады. Шеру жетекшісі Марлон Луздың айтуынша, нарықта бәсеке болуы керек және сонда баға төмен болады. Ал, бұл заң салдарынан қызмет сапасы нашарлап, қосымша шығындар көбеюі мүмкін.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ